«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

26 мас жүргізуші ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, нәтижесінде 5 күннің ішінде көлікті мас күйінде басқарған 26 жүргізуші ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Петропавлдағы Жұмабаев-Абай көшелерінің қиылысында түнгі сағат 3.00 шамасында тексеру үшін «ВАЗ-2110» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті басқарған облыс орталығының тұрғыны 21 жастағы ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның мас екенін растады.
Ер адамның айтуынша, оған шұғыл ақша керек болып, банкоматқа бару үшін рөлге отырған. Жігіт достарымен пәтер жалдап, көңіл көтерген. Отырыс қызған шақта дастарханды толтыру үшін азық-түлік жеткізуге тапсырыс бермек болған. Енді ол көлікті мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
«26-31 наурыз аралығында облыс аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Операцияны осылайша атауымыз бекер емес. Өйткені мас күйде көлік басқарған жүргізуші өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Іс-шараның мақсаты – жолдағы апаттарды азайту. Тек соңғы бес күнде полицейлер рөлге мас күйде отырған 26 жүргізушіні ұстады», дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Операция басталғалы облыста 2,5 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылық анықталған. Оның 236-сы жыламдықты асыруға, 80-і маневр жасауға, 38-і бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтуге байланысты.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp