«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алматыда коронавирусты жиі жұқтыратын сала мамандары анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Бүгін коронавирусқа байланысты Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг өткізді. Онда қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтылды.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұр. Қала бұрынғыдай «қызыл» аймақта.
«Пандемия басталғалы қалада вирус жұқтырудың 34 598 жағдайы тіркелді. Ал 2021 жылдың басынан бері 16 077 жағдай анықталды, оның 9 525 жағдайы тек наурыз айында тіркелген. Яғни наурыз айында жұртшылық арасында вирустың тарауы өрши түскен. Соңғы 7 күндегі вирустың таралу динамикасы өте жоғары, мәселен, 25 наурыз күні 333 жағдай анықталса, 31 наурызда ол 515-ке жетті», – дейді ол.
Сонымен қатар ол вирусты кімдер көптеп жұқтырып жатқанын айтты.
«Кеше вирус анықталғандардың көпшілігі – жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтіндер. Сондай-ақ жұмыссыздар да бар. Вирусты негізінен осы санаттағы адамдар жұқтырып жатыр», – деді эпидемиолог дәрігер.
inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp