«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІҢ ЗАРДАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Солтүстік Қазақстан облысында синте­ти­ка­лық есірткі саудасына қатысты қыл­мыс саны артып келеді. Былтыр полицей­лер заңсыз айналымнан 2 килограмм осын­дай психотропты зат алды.

Синтетикалық есірткі “қара нарықты” жау­лап, дәстүрлі есірткілерді ығыстырып жатыр. Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, 2017 жылы есірт­кі саудасына қатысты 332 қылмыс тіркелсе, соның 6-уы немесе 1,8 пайызы син­тетикалық есірткіге қатысты болған. 2018 жылы тіркелген 221 деректің 34-і, яғни үле­сі 15,4 пайызға жетті. Ал 2019 жылы есірткі ай­налымына қатысты тіркелген 176 дерек­тің 46-сы немесе 26,1 пайызы психобел­сенді заттармен байланысты болды.
– 2020 жылы есірткі айналымына байла­нысты 195 дерек тіркелді. Оның 74-і синте­ти­калық есірткіге қатысты. Бұл есірткі қыл­мысының 38 пайызына тең. Заңсыз ай­на­лымнан 2 килограмға жуық “синтетика” алын­ды. Шамамен, 20 мың доза. Оның нақ­ты бағасы ешқайда ресми түре көрсетіл­мей­ді. Бірақ біз өзіміз үшін ішкі талдау жа­саймыз. Яғни, 2 килограмм синтетикалық есірткінің “қара нарықтағы” құны 20 млн. тең­ге шамасында, – дейді Жандос Басы­баев.
Бүгінде есірткі мен психотропты заттар­ды жасаған, пайдаланған және сақтап та­ратқан адамға 15 жылға дейін соттау жа­за­сы қарастырылған. Бірақ бұл да тоқтау бо­ла алмай отыр. Былтыр есірткіні өткізуге қа­тыс­­ты 49 дерек тіркелсе, соның 70 пайызы синтетикалық есірткімен байланысты.
– Қылмыстық кодекске есірткі, психот­роп­тық заттарды, сол тектестерді өткізу мақ­сатында заңсыз дайындау, қайта өң­деу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнел­ту не өткізуге қатысы бар адамдарды қыл­мыстық жауапкершілікке тарту туралы өз­гертулер енгізілгелі біздің басқарма син­те­тикалық есірткіні таратып келген 6 интер­нет-дүкенді анықтап жапты. Қазір бұл істе тә­жірибеміз бар. Қылмыстық жауапкер­ші­лік­ке бұл сайттардың әкімгерлері ғана емес, осы дүкенді ұйымдастырғандар, қар­жы бөлгендер, курьерлер, жарнама тара­тушылар да тартылды. Олар бірнеше жыл­ға бас бостандықтарынан айырылды, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.
Былтыр тәртіп сақшылары әлеуметтік же­ліде “@McMagic_official” деген атаумен жұ­мыс істеп келген интернет-дүкенді анық­тады. Екі “достың” бірі әкімгер болып тап­сырысты қабылдаса, екіншісі “қара жұ­мысты” атқарған. Яғни, тапсырысты орын­дап, есірткіні арнайы орындарға жасырып келген. Олардың тобына адам көп кірген. Тіркелушілер санын арттыру үшін тұты­ну­шыларының “тауар” жайында пікірін жа­рия­лап, жиі-жиі қайырымдылық шарасын өткізген. Нәтижесінде есірткінің екі доза­сын тегін беріп отырған.
Оңай олжаға кенеліп, өз өнімдерін сату үшін екеуі бір бөлмелі пәтер жалдап, сол жерде есірткіні әзірлеген, сату үшін сақ­та­ған. Полицейлер операция барысында бұл шағын зертханадан жалпы салмағы 400 грамм болатын 4 түрлі есірткіні: марихуана, гашиш, “тұз” бен “спайсты” тапты. Бұдан бас­қа таратуға әзірленген 60 дана “тұз”, 15 орама “спайс” және буып-түюге арналған материалдар алынды.
Петропавл қалалық соты екі “достың” әр­қайсысын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Есірткіге, синтетикалық препарат­тардың заңсыз айналымына қарсы күрес жұмыстары облыста жүйелі түрде жүргізі­луде. “Карантинге байланысты жасөспірім­дермен, жастармен онлайн форматта түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соңғы екі жыл­да ата-аналармен жұмысты күшейттік. Өйт­кені, қазір балалар негізінен үйде отыр. Ал ата-ана олар үшін толық жауап береді. Жас­тардың волонтерлік ұйымдарын есірткімен күреске тарттық. Былтыр олардың көме­гі­мен 379 есірткі жарнамасы боялды. Пет­ропавлдағы пәтер иелері кооперативі төраға­ларының ортақ чатын құрдық. Қала тұр­ғындары есірткі жарнамасын көрген жағ­дай­да фотоға түсіріп, осы чатқа жібере ала­ды”, – дейді Жандос Басыбаев.

Ақерке ҚАБЫКЕЕВА. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp