«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс – Президент

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді», – деді ҚР Президенті.
Осы орайда Мемлекет басшысы прокуратура жанында рейд кезіндегі заң бұзушылықтарға шағым жасауға болатын колл-орталықтар жұмыс істеуі тиістігін баса айтты.
«Үкімет жанындағы ведмоствоаралық комиссия әкімдермен бірге мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp