«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ең жаман жағдайда пандемия бір жылдан кейін аяқталады – сарапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия жақсы жағдайда жарты жылдан кейін аяқталады, жаман жағдайда бір жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні ТАСС агенттігіне «Роспотребнадзор Эпидемиология Орталық» ҒЗИ директорының орынбасары Наталья Пшеничная айтты.

«Өткен жылдың сәуірінде ғалымдар жасаған математикалық болжам пандемияның бір жарым-екі жылға созылатынын ескерткен еді. Қазір осы болжамның расталғанын көріп отырмыз. Жақсы жағдайда пандемия тағы жарты жылға созылуы мүмкін. Жаман жағдайда пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады», – деді ол. Пшеничнаяның ойынша, екі болжамның қайсысы орындалатыны вирустың таралмауын тежеу үшін барлық талаптарды орындап жүрген азаматтардың саналылығына байланысты. Пандемия басталған кезден бері әлемде 129 млн адам коронавирус жұқтырды, 2,8 млн-нан астамы қаза болды.
https://www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp