Синоптиктер сәуір айындағы ауа райы құбылмалы болатынын ескертеді. Күн жылынғанымен, алдағы айда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Орташа ауа температурасы +4,+6 градусты құрамақ.
Болжаған синотиктер, ауа ткмпературасының біртіндеп жылынатынын айтады.
– Айдың алғашқы он тәулігінде ауа температурасы түнгі уақытта 0, -5, кейде -10-ды көрсетуі мүмкін. Күндіз +3 +8 градусқа дейін жылынады. Онкүндіктің соңына таман сынап бағанасы түнде -2-7, күндізгі уақыттарда 0,+5-ті көрсетеді, -деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнгі уақытта +1+6 градусқа дейін, ал күндіз +13+18, тіпті +23-ке дейін жылынуы ықтимал. Кейін ауа райы қайта құбылып, түнде -2-7 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Күндіз +3+8 шамасында болмақ. Ал үшінші онкүндікте ауа райы тағы құбылады. Түнгі температура +4+9 шамасында болса, күндіз +18+23 градусқа дейін жылынады.
Сәуірде жерлестеріміздің жаңбырмен қоса қар және бұрқасынға да дайын болғандары жөн. Мамандардың болжамынша, жауын-шашынның көлемі нормадан жоғары болмақ.
Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltústik Qazaqstan”.