Өңірде 4 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алды. Соның ішінде екі мыңнан астамы толық вакциналаудан өтті. Бүгінде «Спутник V» вакцинасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мұғалімдерге салынуда. Санитарлық дәрігерлер аурудың емі екпе екенін айтады. Сондықтан ақ халаттылар тұрғындарды екпе алудан бас тартпауға шақыруда.
Қазір өңірде қауіпті індет жұқтырған науқастардың жалпы саны – 13069 адам. Сәуірдің алғашқы күні облыста 5 адамнан ауру анықталды. Мағжан Жұмабаев, Тайынша аудандарында бір науқастан тіркелсе, Петропавлда 3 адам инфекциялық вирус жұқтырды. Өткен тәуліктерде полимеразды тізбекті реакция әдісімен 873 зерттеу жүргізілді. Бүгінге дейін коронавирустық инфекция бойынша ПТР әдісімен 290 мыңнан астам сынама алынды.
Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы.