«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балық қырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы көлдердің бірінде балық қырылды. Оқиға Қарағаш ауылының жанындағы «Балықты» көлінде болған. 

 Қазіргі таңда балық шаруашылығы инспекциясының мамандары олардың неден өлгенін анықтап жатыр. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға облыстық прокуратура қызметкерлері де кірісті. Осы жайтқа байланысты Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы өкілдері түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, бір апта бұрын балық аулау үшін ойық жасалған. Мұздың үстіндегі қалың қар жаншып, қысымның салдарынан су көтерілген. Нәтижесінде астындағы балық үстіне шыққан көрінеді. Бірақ, түнде аяз тұрып ойық қатып қалғандықтан , қайта түсе алмаған. Осының кесірінен балық қырылып, тосын оқиға орын алып отыр. Қазіргі күні 50 келі өлексе жиналды. Ал қар ерігенде бұл жағдай қайталанбас үшін тиісті шаралар қолданылуда.
Жалпы, «Балықты көлінің аумағы 777,6 гектарды құрайды, тереңдігі кей жерлерде 2,8 метрге дейін жетеді. Мұнда негізінен шортан, мөңке, торта, ақтабан, аққайран мекендейді. Бұл су қоймасынан жылына 26 тоннаға дейін балық аулауға рұқсат берілген. Тексерістің нәтижесін тиісті органдар жуық арада қосымша хабарламақ.

 

Сурет: https://www.inform.kz/

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp