«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРЫНДЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл оқушылары арасынан дарынды балаларды іріктейтін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы бастау алды. Білім бәйгесінің бірінші кезеңі онлайн форматта 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында өтуде.

Ұлттық олимпиадаға тек бесінші және алтыншы сынып оқушылары қатысып жатыр. Бірінші кезеңге облысымыздың аудандарынан 4015 бала өз мүмкіндігін саралауға ниет білдірді. Екі күнге жоспарланған білім бәйгесі аясында мектеп шәкірттерінің логикалық ойлау қабілеттері бағаланады.
Олимпиаданың шарты бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы екінші кезеңге жолдама алады. Кейін қос сыннан өткендер еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде, атап айтқанда, «Білім-Инновация» лицейлерінде, республикалық физика-математика бағытындағы және «Дарын» мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік алады.
Өткен жылы «Мың бала» сайысына өңірімізден 8700-ден астам оқушы қатысып, 200-і екінші кезеңге өтті. Нәтижесінде 69 шәкірт жеңімпаз атанып, еліміздің үздік білім ошақтарына оқуға түсті.

Аманжол НҰРТАЗИН,
«Soltüstık Qazaqstan».


 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp