«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН АУЫЛҒА ТАРТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Айсары ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді.

Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар елді мекенді интернет желісіне қосып, есте қаларлық тарту жасады. Айсарылықтар бұған дейін ұялы байланыс, интернет сияқты заманауи жетістіктер жайлы армандап жүрсе, енді өздері қолданып көруге мүмкіндік алды.
Бұл мәселені еліміздегі ең ірі аумақтық телекоммуникациялар орталығының директоры Қажымұрат Темірханов, оның сыныптас достары Ақан Малаев пен Асылбек Ыбыраев санаулы айлар ішінде шешіп берді. Қондырғыны орнатуға қажетті сым, модем, антенна сияқты қосалқы жабдықтарды кідіріссіз жеткізіп, аудандық телекоммуникация торабының директоры Амангелді Мұсайбеков бастаған білікті мамандар тез арада құрастырды.
Бүгінде айсарылық тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Олар ғаламтор арқылы жаңалықтарды біліп, бір-бірімен еш кедергісіз аудио-бейне арқылы да еркін сөйлесе алады.
Болат ӘМІРИН.
Ақжар ауданы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp