«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында. Облыс әкімінің орынбасарлары – Ғани Нығметов пен Иван Турков бастаған топ су басу қаупі бар 12 ауданда болып, жағдаймен танысты.

Жамбыл, Мамлют, Аққайың, Тайынша, Ақжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов, Айыртау, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандандағы өзендер мен көлдер тексеріліп, төтенше жағдайдың алдын алуға арналған бөлімшелердің, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы пысықталды. Аталған шара барысында жеке құрамның өз кәсіби міндеттерін қаншалықты деңгейде білетіндіктері тексерілді. Облыс әкімінің орынбасарлары бірінші кезекте алдын алу шараларына баса назар аудару керектігін ескертті. Басты мақсат – адамдардың өмірі мен олардың тірнектеп жинаған дүниесін, мал-мүлкін сақтап қалу.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Камиль Камалов су тасқынының алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
– Бүгінгі таңда облыстың елді мекендерінен 1 млн. 900 мың текше метр қар шығарылды. 1580 шақырым су өткізу құбырлары тазартылды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге тиісті жауапкершілікпен қарайтындығын білдіреді, – деді ведомство бастығы.
Баяндамашының айтуынша, жолдарды, бөгеттерді, елді мекендер мен нысандарды тасқын судың басуына жол бермеу үшін қажетті инертті материалдар қоры, қаптар, жанар-жағармай қоры дайындалған. Облыс аумағында орналасқан гидротехникалық нысандардың барлығы техникалық тексерістен өткен.
Елді мекендерді табиғи апат салдарынан қорғау жөніндегі инженерлік жұмыстар да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл шаралар төтенше жағдай кезінде қайғылы оқиғаларға жол бермей, апаттың зардабын азайтуға мүмкіндік бермек.
Серік НАУРЫЗБАЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы,
азаматтық қорғау полковнигі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp