«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰСТАРҒА ЖАНАШЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдің мектеп оқушылары қанатты достары – құстарға үйшік жасау байқауына атсалысты. Халықаралық құстар күніне орай өткізілген шарада “Қоғамдық келісім” мекемесінің өкілдері талапкерлер ішінен үздіктерді анықтады.

Облыс орталығындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы жыл құстарын қарсы алуға әзір. Мұнда 24 су жаңа қараторғай үйшігі ілінді. Оларды қаламыздың мектеп оқушылары өз қолдарымен жасапты. Қалалықтардың көңілінен шыққан ағаш ұялар жақында қанаттыларға жайлы қоныс болмақ.
– Қала тұрғындары бұл шараны жақсы қабылдады. Саябақта серуендеп жүрген аға буын өкілдері балалық шақтарын еске алып, бір марқайып қалды. Балақайлар өз үйшіктерін алдын ала дайындалған орынға іліп, ішіне жем, күнбағыс дәндерін салды,- деп бөлісті “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісінің орынбасары Мария Татаренко.
Игі іске атсалысқан облыс орталығы мен аудандардың 23 оқушысы 24 ұя жасаған. Олардың ешбірі атаусыз қалмады. Гордей Татаренко, Рахат Мұратов, Евгений Мельников, Никита Монзолевский, София Дракина мен Арина Ершова арнайы сыйлықтарды иеленді. Ал 9 жасар Карина Белик 1-орынды, бестегі Жәлил Баязитов – екінші, 13 жастағы Виталий Хотько үшінші орынды еншіледі. Табиғаттың кішкентай жанашырларына ата-аналары да көмек көрсетіпті.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“SoltústikQazaqstan”.

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp