«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСЕРЛІ ТУЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында кішкентай оқырмандардың кітап оқу мәдениеті мен белсенділігін арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Қазір рухани ордада «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде.

Бұл жолы кітапхана қоры жерлес ақын Фаузия Файзулинаның татар тілінде жазылған «Сиңа гына» тұңғыш кітабымен толықты. Жинаққа 1987-2020 жылдар аралығында жазылған поэмалар, мысалдар және өлеңмен жазылған ертегілер енген. Автордың лирикалық туындыларына туған жерге сүйіспеншілік, өз халқының салт-дәстүрлері, ана тілінің тағдыры туралы ой-толғамдары арқау болған. Ал көпэтносты бірлігі жарасқан Отанымыз – Қазақстан жайлы өлеңмен өрнектелген жыр жолдары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен тартымды.
Гүлнұр БЕКІШ,
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық
балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының библиографы.
      

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp