«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Полицейлер Ресей аумағында іздеуде жүрген өңір тұрғынын ұстады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлер Ресей аумағында жол-көлік оқиғасы үшін іздеуде жүрген өңір тұрғынын ұстады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының барлық экипажы заманауи байланыс техникасымен жабдықталған. Олар кез-келген уақытта Ішкі істер министрлігінің деректер базасына кіре алады. Қызылжар ауданының аумағында «Петропавл-Есіл» автожолында қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары тексеру мақсатында «Audi» автокөлігін тоқтатқан. Құжатты тексеру барысында 28 жастағы жүргізуші халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Іздеуді Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің Челябі облысы бойынша басқармасы жариялаған. Шал ақын ауданының тұрғыны бір адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен іздеуде жүрген. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұсталғаннан жауап алды, ресейлік әріптестеріне хабарлама жіберді. «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізіліміне, деректер базаларына қосылған планшеттер патрульдік полицейдің жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырады. Жыл басынан батальон қызметкерлері бағдар парағы бойынша 15 адамды, сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген бір адамды анықтады. 39 жүргізуші мас күйде ұсталды. Бұдан бөлек, 3 айдың ішінде патрульдік полицейлер 2 қылмысты ашуға қатысып, рұқсат құжатынсыз тыйым салынған заттарды және тауарларды заңсыз тасымалдаудың 58 фактісін анықтады. Оның ішіндегі 13-і – ет өнімдерін және соншасы мал тасымалдау фактісі» , – дейді облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі Ерлан Мәдиев.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp