«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биыл қарақұмық алқабы 2,4 есеге арттырылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4,3 млн га аумаққа дәнді дақылдар егілмек, оның 22%-ы – майлы дақылдар.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бидай – 2,9 млн га, майлы дақылдар – 950 мың га, жемшөп – 329,4 мың га, картоп – 32,1 мың га, көкөніс – 6,1 мың га егіледі. «Биыл қарақұмықтың алқабы 2,4 есе артып, 10 мың га жетпек. Былтыр әлеуметтік маңызы бар дақыл облыс бойынша 4,2 мың га егілді. Жалпы облыс тұқыммен толық қамтылған, жеткілікті қор – 479 мың тонна бар. Сұрыпты 8,9 %-ға немесе 43,9 мың тоннаға жаңалау жоспарланған. Былтыр элиталық тұқымның үлесі 8,7 % болды», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шакубаев. Өңір диқандары қазір көктемгі егіске әзірленіп, құрал-саймандарын дайындап жатыр. Жыл басынан облыс диқандары 8,3 млрд теңгеге 523 техника мен жабдық сатып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. Биыл ылғал қоры да жақсы. Қар жамылғысы 12-54 см аралығында болды. Сондай-ақ кей шаруашылықтар 3 млн га қар тоқтату жұмыстарын жүргізді. «2,5 млн га алқапқа 160 мың тонна минералды тыңайтқыш себу жоспарланған. Бұл өткен жылғыдан 18,5%-ға артық. Әзірге 66,3 мың тоннаға шарттар жасалды. Оның 61 мың тоннасына төлем жасалды. Ал фитосанитариялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 3,4 млн га алқапқа арамшөпке қарсы іс-шаралар жүргізіледі», – дейді Қуандық Шакубаев. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 68,2 мың тонна дизель отыны қажет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оның литрі 172 теңгеден саудаланбақ. Жанар-жағар май жеткізу операторлары бекітілді. 2021 жылы өңірдің аграрлық секторын дамытуға 45,2 млрд теңге субсидия қарастырылған. Оның 17,1 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығына бағытталмақ.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp