«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда үш айда бейнекамералар 4 мыңға жуық жол ережесін бұзушылықты тіркеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда интеллектуалды бейнекамералардың көмегімен жыл басынан 4 мыңға жуық жолда жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл көшелерінде бейнебақылаудың «Интегра» және «Мираж» интеллектуалды жүйесі жұмыс істейді. Облыс орталығындағы 43 бейнекамера жолда жүру ережесін бұзу жағдайларын автоматты түрде тіркейді. Абай-Н.Назарбаев, Интернационал-Жамбыл, Интернационал-Астана көшелерінің қиылысында орналасқан қондырғы бағдаршамның рұқсат етілмеген түсін елемегендерді және тоқтау сызығынан өткендерді анықтайды. Ал Жамбыл-Партизан, Ғ.Мүсірепов-Жамбыл, Н.Назарбаев- Интернационал және М.Жұмабаев-К.Сүтішев көшелерінің қиылысында тұрған бейнекамералар жылдамдықты асырғандарды тіркейді. «Петропавлда соңғы 3 айда интеллектуалды бақылау жүйесі қондырғылары арқылы 3627 жолда жүру ережесін бұзу жағдайы тіркелді. Қазіргі кезде жүргізушілер ең жиі жол беретін ереже бұзушылық – ол тоқтау сызығынан өтіп кету. Бейнебақылау жүйесі арқылы көлік иелеріне көптеген айыппұл салынды. Жалпы көше қиылысынан абайлап өткен жөн. Асығыстықтың соңы өкінішке әкелуі мүмкін», – дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Болат Жексембинов. Полицейдің айтуынша, жыл басынан бейнебақылаудың көмегімен жылдамдықты асырған 59 жүргізуші анықталып, жазаға тартылды. Қазір нағыз қауіпті кезең – ауа райы құбылмалы, әрі мектептерде төртінші тоқсан дәстүрлі түрде басталды. Сондықтан жолда жүру ережесін бұзбай, әсіресе қарбалас сәтте абай болған жөн.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp