«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстандықтар қай елден жиі пәтер сатып алып жатыр?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркияның статистика институтының деректеріне сәйкес, шетелдіктер арасында жылжымайтын мүлік сатып алу саны бойынша қазақстандықтар тоғызыншы орында тұр.

Отандастарымыз биыл 1171 сатып алу шартын жасасқан. Бұл былтырғы жалпы саннан 2,8 пайыз жоғары. Сондай-ақ отандастарымыздың арасында Солтүстік Кипр мен Грузиядан пәтер алатындар көбейген.
Осы орайда еліміздегі жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшылар шетелден үй алып жатқан қазақстандықтардың көбейіп жатқанын алға тартады. EXANTE инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботаревтің пікірінше, үйдің бағасы арзан болған соң ғана алып жатқан жоқ. Оның тағы бір себебі − күнкөріс мақсатында инвестицияға салып отыру.
«Иә, шетелде тұру үшін баспана сатып алатын адамдар бар. Бұл олардың жалғыз баспанасы болады, яғни көшіп кетеді. Қазақстаннан кетуді жоспарламайтын, бірақ шет мемлекеттен үй сатып алып қоятындар да бар. Әдетте олар демалу үшін немесе жалға беру, қайта сату және ақша табу үшін инвестиция ретінде алады», деді сарапшы.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp