«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аурудың емі – екпе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 4566 адам коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алды. Соның ішінде екі мыңнан астамы толық вакциналаудан өтті.

Бүгінде “Спутник V” вакцинасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мұғалімдерге салынуда. Дәрігерлер аурудың емі екпе екенін айтады. Сондықтан олар тұрғындарды екпе алудан бас тартпауға шақыруда.
Қазір өңірде қауіпті індет жұқтырғандардың жалпы саны 13069 адамға жетті. Сәуірдің 5-і күнгі ақпарат бойынша облыста 20 адамнан ауру анықталды. Өткен тәуліктерде полимеразды тізбекті реакция әдісімен 873 зерттеу жүргізілді. Бүгінге дейін коронавирустық инфекция ПТР әдісімен 290 мыңнан астам сынама алынды.
 Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp