«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елімізде тұрғын үй саласындағы операция рекордтық көрсеткішке жетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылғымен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өсіп, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында 1,52 трлн теңгені құрап, нақты өсім 41%-дан асты. Бұл осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Делдалдық қызметтер 17%-ға қысқарды, дегенмен ағымдағы жылдағы тұрғын үй нарығындағы дүрбелең сектордағы бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін. Сектордағы қызметтердің жартысы жалға беру және өз жылжымайтын мүлігіңді басқару қызметіне тиесілі: 883,2 млрд теңге. Қосалқы жалға беру пен жалға алынған жылжымайтын мүлікті пайдалану қызметіне 313,6 млрд теңге тиесілі. Өндірістік емес жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға беру кезінде көрсетілетін делдалдық қызметтер тек 18,1 млрд теңге болды – өткен жылға қарағанда ақшалай 16,8%-ға төмен. Айтып өту керек, ағымдағы жылдың алғашқы екі айында сату-сатып алу келісімдері зейнетақы қорына үй сатып алу мүмкіндігінің арқасында 2020 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 44,2%-ға өсті. Бұл 2021 жылы делдалдық қызметтің көлемін өсіруі мүмкін. Өндірістік-техникалық мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу және жалға берудегі делдалдық қызметтер бірден 79,2%-ға қысқарып, 1,3 млрд теңге болған. Ел өңірлерінің ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің төрттен үші Қазақстанның екі үлкен мегаполисіне тиесілі – Нұр-Сұлтан (593,5 млрд теңге) және Алматы (536,4 млрд тг). Сектордағы ең төмен көрсеткішті оңтүстік өңірлер көрсетті – Түркістан (5,5 млрд теңге), Қызылорда (6,3 млрд теңге) және Жамбыл (7,4 млрд теңге) облыстары.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp