«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ертегілер еліне саяхат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалар мен жасөспірімдер­дің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңіріміздегі кітапханалар қоры жаңа әдебиеттермен толығуда. Бұл орайда, кішкентай оқырмандардың назарына “Қазақ және әлем халықтары ертегілерінің Алтын жинағы” атты кітапты ұсынамыз.

Туынды екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда қазақ халық ертегілері топтастырылған. Оқыған адамды айналасын сиқырлы күштерімен таңғалдыратын самұрық құс, айдаһар, мыстан кемпір, мерген, тазша бала сияқты ертегі кейіпкерлері туралы қызықты оқиғалар елітіп әкетеді. Бұл тарауда 130-дан астам ертегі бар. Келесі бөлімде орыс, өзбек, украин, еврей, корей, тәжік, түрік, қытай халықтары­ның ең таңдаулы ертегілері жинақталған. Әлем халықтарының әдеби қазынасынан сыр шертетін бұл кітап кішкентай бүлдіршін­дерді ғана қуантып қоймай, ересектер үшін де рухани азық болары сөзсіз.
Ләззат ЗАРЫПҚЫЗЫ,
№2 қалалық
кітапхананың меңгерушісі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp