Коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 7 өңірі «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Қазақстанда 6 сәуірде COVID-19-дың оң нәтижесімен 256 837 науқас, ал КВИ теріс нәтижемен 50 839 науқас тіркелген. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта 7 аймақ – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облысы 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақмола облысы соңғы тәулікте кірді», – министр. Оның атап өтуінше, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймақта болса, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан. «Наурызда ақпанмен салыстырғанда науқастану өсімінің 30 пайызға артқаны байқалатындығын атап өткім келеді. Мәселен, тәулігіне 1 800-ге дейін жағдай тіркеліп отыр. Сәуірдің 5 күнінің ішінде 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңнан астам науқас тіркелуде», – деді Алексей Цой.
https://www.inform.kz