«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұхит – түйе балуан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің спорт залында қазақ күресінен Алпамыс батыр атындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл додада солтүстікқазақстандықтар сәтті өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Атап айтқанда, Батырхан Қайырбек (74 кг.) пен Мұхит Тұрсынов (100 кг.) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Мұхит абсолюттік салмақ дәрежесінде де басымдық танытып, түйе ба­луан атанды. Нұрғали Тұрсынғазиев (74 кг.) пен Әлібек Ғосманов (90 кг.) екінші болса, Диас Жоламанов (60 кг.), Мерей Абдрасулов (66 кг.), Бекхан Қалиасқаров (82 кг.) және Талғат Төлешов (100 кг.) үздік үштікті түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Қанат АТАМАНОВ.
“Soltüstık Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp