«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда вакцинаға қатысты фейк ақпаратпен күрес күшейтіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда вакцинаға қатысты фейк ақпаратпен күрес күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге халық арасында вакцинацияның маңыздылығы және жалған ақпараттарды терістеу туралы ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жолға қойылатын болады. Арнаулы медиа жоспар жүзеге асырылады», – деді ол. Министрдің атап өтуінше, ол үшін ақпараттық ресурстардың, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бүкіл әлеуеті жұмылдырылады. «Вакцинацияның маңыздылығына басымдық беруге барлық телеарналар мен баспа басылымдарды жұмылдыру, оң нәтижелерді көрсету үшін ой-пікір көшбасшыларын, сарапшыларды және медиа тұлғаларды тарту, фейктерді терістеу және олармен күресу үшін сенімді ақпараттарды жариялау жоспарланып отыр», – деді Алексей Цой.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp