«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы таланттар шоуында «алтын» алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабаев мен Ернат Наурыз Ұлыбританияда өтіп жатқан Golden Time Talent таланттар шоуының гранд-финалына өтті. 

Домбырашы дуэт АҚШ-тағы Халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алғаннан кейін, Golden Time Talent ұйымдастырушылары ақпан айының аяғына қарай оларды өз конкурстарының ақтық сынына қатысуға шақырған болатын. Шоудың финалында қазақстандық домбырашылар Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман композиторларының туындыларынан попурри орындады. Пандемияға байланысты барлық финалистер студияға ұсынатын жұмыстарын қашықтан жолдауға мәжбүр болған. Қазылар да гранд-финалға қатысушыларды онлайн режимде іріктеді. Солардың арасында қазақстандық дуэт те бар. «Әлемдік байқауда Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада екі турды артқа тастап, финалда өнер көрсетіп өз номинациямызда алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан!», – деп жазды – Темірлан Олжабаев өзінің Инстаграм парақшасында. Ұйымдастырушылар шоудың грант-финалын 23-27 мамыр аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp