«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙЫЛЫМ АРҚАУЫ – КЕШІРІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасын­да жаңа спектакльдің тұсауы кесілді. Өнер ұжымы жергілікті көрерменге Николай Лесковтың “Леди Макбетін” ұсынды.

“Мцен уезінің Леди Макбетін” театр ұжымы да, қызылжарлық көрермен де ұзақ күтті. Орыс классикасын сахнаға шығару туралы шешім осыдан төрт жыл бұрын қабылданып, өткен театр маусымында әйгілі шығарманы сахналауға әзірлік басталғанды. Бірақ спектакльдің тұсаукесері карантиндік шектеулердің салдарынан, тек биыл Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды.
– Спектакльде қайын атасын улап өлтірген Катеринаның болмысы жан-жақты ашылады. Туындының негізгі арқауы – кешірім мәсе­лесі. Қойылым барысында адамзатқа ортақ осынау қасиетті әр көрермен өзінше сезінеді, қабылдайды, – дейді театрдың қоюшы режиссері Тимур Кәрімжанов.
Туынды театрға асыққан өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөледі. Олар спектакльдің басты кейіпкерлері – көпестің жары Катерина мен жұмысшы Зиновийдің тағдырына жанашырлық та, жиіркеніш те, аяушылық та білдірді. Байдың жұмысшысына ғашық болған Катеринаның рөлін театрдың белді актрисасы, мәдениет саласының үздігі Ирина Пашкина тамаша сомдап шықты. Жаңа туындыны көрермен қауым сәуірдің 16-сы күні тағы бір мәрте тамашалай алады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltüstık Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp