«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мақтаншақ бақа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның өте мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қы­лығы есте қаларлық болды. Әдебиет сабағынан кейін мұғалім оқушылардың мәтінді оқу жылдамдығын тексеретінін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын алдарына алып, дайындала бастады. Ал бақа болса, осы кезге дейін көптеген кітапты па­рақтағанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын тағы да кеудесін қақты. Мақтаншақ бақаның ойынша, білімді болу үшін теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда.

Мұғалім барлық оқушылардың оқу жылдамдығына тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Өзінің ең артта қалып қойғанына намыстанбаған бақа “Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын алдым” – деп бөсе жөнелді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp