САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН
«Жоқшылыққа да, таршылыққа да, қара жұмысқа да төзген біздің жанымыз сірі екен. Қазіргі жастар шыдамайды. Сәл қиналса болды, дүниенің астаң кестеңі шыққандай күй кешеді. Бір ауыз сөзді көтере алмайтын жүйкелерің бар болсын. Біз ауыр сөзді жүрегімізбен, ауыр жұмысты білегімізбен көтердік емес пе?», – деген Қанипа әжейдің ашудан булығып шыққан дауысын төңірек түгел естімегенімен, құдайы көршісі …