«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР ҚАРЖЫСЫНАН ҚАҒЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлын оқыту үшін депозитке ақша жинаған әйел кибералаяқтардың құрығына түсіп, бір күнде бар жинағанынан айырылып қалды. Наурыз айының ортасында оған өзін қауіпсіздік қызметінің маманы және банктің менеджерімін деп таныстырған белгісіз ер адам мен қыз хабарласқан. Олар 7 минут бұрын оның атына бөтен адамның ірі көлемде несие ресімдегенін айтып қала тұрғынын сендірген және алаяқтардан қорғану үшін оған есепшотты жаңартып, депозиттегі ақшаны жаңадан ашылған басқа шотқа салу қажет екенін түсіндірген.

Жәбірленуші алғашында хабарласқан адамдарға сенбеген, банк филиалына баратынын айтқан. Алайда, қылмыскерлер оны көндірген. Алаяқтардың айтқанына сенген әйел олардың нұсқауын түгел орындап, өзінің 7 миллион теңгеден астам ақшасын, алған несиесін бірнеше бөтен есепшоттарға аударып жіберген. Қылмыскерлер барлығы 11 миллион 865 мың теңгені қолды қылған.
Алданғанын кейін түсінген жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Облыс аумағында жыл басынан бері 202 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 52-сі банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу схемасына негізделген.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің аға инспекторы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp