«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бейнекамера бұлтартпайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының көшелерінде «Интегра» және «Мираж» интеллектуалды бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Яғни, ереже бұзу фактісін автоматты түрде тіркейтін 43 бейнекамера бар. Абай – Нұрсұлтан Назарбаев, Интернационал – Жамбыл, Интернационал – Астана көшелерінің қиылыстарында орнатылған камералар бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту немесе «Тоқта!» деген сызықтан асып тоқтаушыларды тіркейді. Ал Жамбыл – Партизан, Ғабит Мүсірепов – Жамбыл, Нұрсұлтан Назарбаев – Интернационал және Мағжан Жұмабаев – Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысындағы камералар бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту мен жылдамдықты асыру фактілерін тіркейді.

– Биылғы үш айда облыс орталығында бақылау құрылғыларының көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 3627 фактісі тіркелді. Жылдамдықты шектен тыс асырған 59 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – дейді әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Болат Жексембинов.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp