«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ АЛУ – ЕРІКТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде №1 қалалық емханада вакциналау шаралары белсенді жүргізілуде. Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 895 адам алды. Медицина мамандары, мұғалімдер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен басқа, 100-ден астам қызылжарлық ерікті түрде екпе салдырды.

Аталмыш емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Лидия Соколова екпе егу науқаны үстіміздегі жылдың ақпан айында басталғанын, Ресейлік «Спутник V» вакцинасы тұрғындарға ерікті түрде қойылып жатқанын айтты.
– Екпені кез келген адам ерікті түрде салдыра алады. Ол үшін емханаға қоңырау шалып, алдын ала жазылу керек немесе учаске бойынша медициналық қызметкерлердің көмегіне жүгініп, барлық ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар, – дей келе дәрігер Лидия Соколова емханаға қосымша вакцина жеткізіліп, алдағы уақытта тұрғындарды вакцинациялау шарасы белсенді жүргізілетінін атап өтті. Медициналық ұйымда екпе қою шаралары барлық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін алдымен терапевт дәрігердің рұқсатын алу қажет. Кейін ерікті тұрғын екпе егу кабинетінде толық тексеруден өтеді. Екпе алған соң әр адам 30 минут медициналық мамандардың бақылауында болады.
Өкінішке қарай, мамандар вакцинадан кейін коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары орын алып жатқанын жоққа шығара алмады. Алайда, адам екпеден кейін ауырған күннің өзінде бұл дерт жеңіл өтеді екен. Сондықтан ақхалаттылар аурудың алдын алу үшін екпе қою дұрыс шешім екенін айтып, вакцинациялау шараларына белсенді қатысуға шақыруда Әсіресе, созылмалы аурулары бар науқастарға міндетті түрде екпе қойылуы тиіс. Өйткені, олардың қауіпті инфекцияға қорғаныш қабілеті төмен.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp