«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТ КҮРЕСКЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені халқымыздың ардақты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» атты жылжымалы көрме өткізуде.

Мұражай қызметкерлері Петропавлдағы жоғары медициналық колледжде болып, Алаш қайраткерінің өмірі жайлы тың деректермен бөлісті. Әлихан Бөкейханов ұлттық тарихтың жаңа белесінде Абылай мен Кенесары хандардың жарқын идеялары жалғастырып, мемлекеттілікті қайта жаңғырту жолында табанды еңбек етті.
Көрмеге қатысушылар қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған қыр баласының XX ғасырдың басында ұлттық тарих шежіресіне енген ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысын құру идеясы хақында білімдерін кеңейтті. Қазақ халқының азаттық алып, еркін ел болуын армандаған аяулы азаматтың күрескерлік тұлғасын тани түсті. Көрмеге ұлт күрескері жайлы ақпараттар баяндалған ролаптар мен құжаттар топтамасы қойылды. Жалпы, бұған дейін мұражай мамандарының облыс орталығындағы бірқатар колледжде жылжымалы көрмелерді ұйымдастырғанын айтып өткен жөн.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp