«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абай әлемі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында “Абай әлемі” ғылыми байқауын жариялады.

Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Қатысушылар, яғни студенттер “Абай мұрасы – рухани жаңғыру өзегі”, “Абай шығармашылығының рухани арналары”, “Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі” тақырыптары бойынша мақалаларын ұсынуы тиіс. Ал магистранттарға белгіленген тақырыптар – “Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты”, “Қуғындалған абайтанушылар” және “Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі”.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Атап айтқанда, студенттерге бірінші орынға – 400 мың теңге, екінші орынға – 300 мың теңге (2 жүлде) және үшінші орынға 200 мың теңге (3 жүлде) табысталады. Ал магистранттарға бірінші орынға – 500 мың теңге, екінші орынға – 400 мың теңге (2 жүлде) және үшінші орынға 300 мың теңге (3 жүлде) беріледі.
Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында белгілі болады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.

 

 

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp