«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еліктер аштан өліп жатқан жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға қатысты орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді.

Бірер күннен бері әлеуметтік желіде орманда, жол жиегінде өліп жатқан еліктердің бейнежазбасы тарап кетті. Авторларының айтуынша, жабайы жануарлар биыл қардың қалың түсуінен оттай алмай, жаппай қырылып жатқан көрінеді. Осы жағдайға қатысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Олег Беспалов түсінік берді. Маманның айтуынша, жаппай қырылып жатыр деу – асыра айтқандық. «Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан кейін қазір көптеген ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысында еліктер жаппай қырылып жатыр деген хабар тарауда. Бұл дұрыс емес. Еліктердің өлгені рас. Ол туралы білеміз. Әр факті бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы облыс аумағында ақпан-наурыз айларында он шақты елік қырылды. Олардың өлу себептері әртүрлі. Кейбірі азық іздеп жолға шығып, көлік астына түсіп өледі. Қаңғыған иттерге жем болады», – дейді Олег Беспалов. Елік өңірдің бүкіл аумағында кездеседі, кең таралған жабайы аң. Былтырғы санақ бойынша қазір облыста саны 18 мыңнан асады. «Елік жабайы ортада өмір сүретіндіктен еркін жайылады. Жолға шығып кетуі қалыпты жағдай. Кеше ғана аудандарға шықтым. Кей жерлерде қар кетіп қалған. Еліктерге жайылуға мүмкіндік бар. Сол себепті аштан өледі, жаппай қырылады деу дұрыс емес», – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp