Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері бензиннің тағы да қымбаттауына не себеп болғанын айтты.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ғалееваның айтуынша, бензин бағасының өсуіне өндіруші зауыттардың өз өнімін қымбаттатуы және Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуге жабылуы себеп болды. Кәсіпорындарда бағаның өсуінен өңірде жанармай жетіспеушілігі туындады. Осыған орай энергетика министрлігіне біздің облысқа лимитті ұлғайту жөнінде хат жіберілді. Әзірге жауап жоқ. Бұған дейін бензиннің бір айда орта есеппен 20 теңгеге дейін қымбаттағанын айтып едік. Қазір АИ-92 маркалы бензиннің литрі Петропавлдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде 177-178 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 маркалы бензин бағасы 190 теңгеге дейін жетті.
https://www.inform.kz