Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер бес күн бұрын үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр.
Волонтерлердің мәліметі бойынша, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері – Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтпаған. Бойжеткеннің бойы 165-167 см шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады. Сол күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген. Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.
https://www.inform.kz