«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дерт дендемесін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қатерлі ісік ауруларының таралуы бойынша біздің өңір республикада алдыңғы қатарда. Жыл сайын облыста 1,5 мың адам обырға шалдығады.

Облыстық көпбейінді ауруханаға қарасты онкологиялық диспансердің онколог дәрігері Ирина Астанинаның айтуынша, қатерлі ісік ауруы адам таңдамайды. Бірақ дерттің емі бар. Тек уақытты өткізіп алмай, дер кезінде дәрігерге көрінген жөн.
– Қатерлі ісік диагнозы көп жағдайда сырқатты есеңгіретіп жібереді. Науқастың ойында сансыз сауалдар туындайды. Сондай кездері дәрігер дерті меңдеген адамға үміт сыйлауы керек, – дейді Ирина Астанина.
Онкологиялық диспансерде есепте тұрғандардың ішінде емнің көмегімен ұзақ өмір сүріп жатқан сырқаттар бар. Медициналық қызметкерлер үшін бұл өте маңызды. Қазір медицина қарқынды да­муда. Аталмыш орталыққа жаңа қондырғылар алынып, күрделі оталар жасалуда.
Дәрігердің айтуынша, обыр – ойламаған жерден пайда болып, екі-үш күннен кейін басылатын ауру емес. Сол себепті оны ерте кезде анықтап, ем қабылдаудың маңызы зор.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp