«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРАБОЗ БАТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Абылай хан резиденциясы» музей-кешені «Қаракерей Қабанбай батыр» атты онлайн музей сабағын өткізді.

Қабанбай батыр – жоңғар басқыншылығына қарсы аянбай күрескен қазақ қолбасшыларының бірі. Ол (шын есімі Ерасыл) Абылай ханның бас батыры болған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында қалың жауға жалғыз өзі тойтарыс берген батырды ел Дарабоз деп атап кетті.
Орыс тарихшыларының жазбаларында Қабанбай Қожағұлұлының есімі ерекше аталады. Мәселен, орыс тарихшысы Кузнецовтің жазбаларында «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» – делінген. Жалпы, Қабанбай батырдың ерлік істері мұнымен шектеліп қалмайтынын аңғартатын деректер аз емес. Сондықтан қашықтан өткен музей сабағында тарихи тұлғаның өмірі мен ерлік істері кеңінен баяндалып, қатысушылар көптеген мағлұматтармен жете танысты.
Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,
“Абылай ханның резиденциясы”
мұражай-кешені директорының орынбасары.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp