«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РӨЛДЕ – МАС ӘЙЕЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Айыртау аудандық полиция бөліміне Саумалкөл ауылындағы көшелердің бірінде сол жақ бүйіріне аударылған «ВАЗ-21140» көлігі жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлікті 34 жастағы әйелдің мас күйде басқарғанын анықтады.

 Оның бұрын да масаң күйде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Өткен жылы ішімдік ішіп алып, рөлге отырған. Сол кездері аудандық сот оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу және көлікті өмір бойына басқару құқығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда, бұл жағдай әйелге сабақ болмаған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілміне енгізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp