«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 12, 2021

Тағы сол жолдың жыры таусылмайтын

Бір кездері сықақшы Шона Смаханұлы ағамыздың аузынан шыққан: “Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды”, – деген сөз мәтелге айналғаны белгілі. Өзекті мәселе – жолдың жайын шеше алмай жергілікті билікке айта-айта біз де біраз жасқа келіп қалдық.

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Мұра таңбалары” атты көрме өтуде. Бұл шара халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды.

Дамыту орталығы

Тимирязев аудандық кітапханасында “Эрудит” балаларды дамыту орталығы ашылды.

Ішімдікті рұқсатсыз сақтаған

Петропавлдық полицейлер об­лыс­тық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп контрафактілі алкогольдің ірі партиясын тәркіледі. Тексеріс барысында қаладағы кәсіпорындардың бірінің қосалқы бөлмесінен бес литрлік 226 пластикалық бөтелкедегі спирттік ішімдіктер мен 1,5 мың литрлік бөтелкелердегі сыра, сондай-ақ, 653 блок контрафактілі темекі алынды.

Төрт аталымда да жеңімпаз

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының “Sensitive” мимикалық би тобы Қарағанды қаласында өткен “Еуразия чемпионаты – 2021” халықаралық би фестивалінде жүлдегер атанды.

Тиімділік артты

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру мен үнемдеу мәселесіне басымдық берілуде.

СҚО-ның Имантау ауылында тасқын су жылыжайды шайып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендердің суы молайып, таси бастады. Возвышенка елдімекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 273 см дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСПАН ӘЛЕМІН БАҒЫНДЫРҒАН БАТЫРЛАР

Биыл құпиясы мол әлем кеңістігіне адам баласының алғаш сапар жасағанына 60 жыл толады. Дәл осы күні Байқоңырдан ғарышқа Юрий Гагарин аттанып, адамзат дамуының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның “Восток” кемесімен жер орбитасын айналып ұшуы 108 минутқа созылды. Ғарышты игеруге қазақстандықтардың да қосқан үлесі орасан.

СҚО-да үй жануарлары жыртқыш аңдардан құтырма ауруын жұқтырып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың бірінде ірі қара мал құтырма ауруын түлкіден жұқтырып, асыл тұқымды сиыр өсірумен айналысатын серіктестікке шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТАҒДЫРМЕН ТАЙТАЛАС

Жүзінен күлкі таймайтын, көр­ген жерінде “ағалауынан” әсте танбайтын, бірақ онысы­нан жас­қаншақтық емес, адамға деген үйір­сектік лебі есіп тұратын бұл жігітпен он жыл бұрын танысқан едім. Сол кезде ол марқұм Шә­міл Шақшақбаевтың мұрындық бо­луымен ашылған қаланың шетіндегі – тірек-қимыл аппараты зақымданған жандарға арналған арнайы мектеп-интернатта тұрып жатқанды. Бұл нысан – жүріп-тұрулары қиын болса да, өмірге деген …

ТАҒДЫРМЕН ТАЙТАЛАС Read More »

Бәрімізге үлкен сын

Қазақ тілін бүкіл халқымыздың біріктіруші факторына ай­налдырудың бар­лық құқықтық тәсілдері мен кепіл­дік­тері қарастырылғанына қарамастан, өзге этнос өкілдерін айтпай-ақ қояйық, ана тілін меңгермегендердің арасын­да өз ағайындарымыздың үлесінің көптігі ойландырмай қой­майды. Бүлдір­шін­дердің тіл игеруінде балабақшалар мен мектептердің өлшеусіз рөл ат­қаратыны белгілі, алайда, әлі күнге дейін аралас білім ошақтарының азаймай отыр­ғанына, орыс сыныптарындағы оқушылар ішінде қазақ бала­ларының ба­сымдығына …

Бәрімізге үлкен сын Read More »