«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО-да биыл абаттандыру ережелерін бұзудың 3 мыңға жуық дерегі тіркелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты 3 мыңға жуық дерек тіркелсе, соның 1 мыңы Петропавлға тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзғандарға 2882 хаттама толтырған, оның 1 мыңнан астамы Петропавл қаласына қатысты. Осы уақытқа дейін аумақтан қар шығару проблемасы өзекті болды. Енді қар ерісімен үй маңын қоқыстан тазалау мәселесінің өзектілігі артты.

Петропавлдағы Сатпаев көшесіндегі көп қабатты үйдің қасында қыста қоқыс пайда болған. Қардан көрінбей жатқан қоқыс күн жылынысымен жұрттың назарына ілікті. Тұрғынның бірі оны түсіріп алып, «Instagram» әлеуметтік желісіне салған.

Осыған байланысты №3 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы ПИК төрағасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ол қоқысты жинауға міндеттелді.

«Абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты тұрақты рейдтерді жалпықалалық сенбіліктен кейін өткізу жоспарланып отыр. Десек те, тұрғындарды ережені бұзғандарға айыппұл барлығын ескертеміз. Жеке және заңды тұлғалар аумақты таза ұстауға міндетті. Тексерістердің мақсаты айыппұл салу емес, бұл шара қайталап бұзатындарға қолданылады. Жергілікті полиция қызметінің аталған жұмыс желісі халықтың санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге және елді мекендердің тиісті эстетикалық қалпын сақтауға бағытталған», – дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp