«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлескен іс жемісті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Жарқын Ғалымовтың қатысуымен “Adal business” дәстүрлі диалог алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтіп, шағын және орта бизнес саласына қатысты жайттар талқыланды.

Департамент басшысы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында шешімін таппай отырған проблемалардың ішінде мемлекеттік органдар тарапынан шағымдарды қарау сапасының төмендігін атады. “Protecting Business and Investments” жобасы бизнес пен инвесторларды қорғауға бағытталған”, – деді Жарқын Сайлауұлы. Қылмыстық кодекске мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыратын түзетулер енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бизнеске араласқан жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары басшылары мен судьялар осындай әрекеттерге барса, 8 жылға дейін жаза қолданылуы ықтимал. 2020 жылы бизнеске заңсыз араласудың 12 фактісі анықталып, 14 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалған.

Ашық диалог форматында ұйымдастырылған іс-шарада кәсіпкерлер табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау, жолаушылар тасымалы, сауда, тағы басқа салаларда ұшырасатын кедергілерді ортаға салды. Мысалы, “Ертегі” ЖШС-нің өкілі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының заңсыз іс-әрекеттеріне наразылығын білдірді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы көрсететін қызметтің сапасына да сын айтылды.

Өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов айтылған ескертулер бақылауға алынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп шешілетініне сендірді. “Облысқа инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлініп, кәсіпкерлерге тиісінше қолдау көрсетіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал тәуекелдерін еңсеру жолындағы кешенді жұмыстар өз жалғасын табады”, – деді Ғани Сақтағанұлы.

Жан АЙМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp