«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшпелі екпе пункттері жұмыс істеп жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ниет еткендердің саны артты. Ауыл тұрғындарына екпе егу үшін көшпелі екпе пункттері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус вакцинасының 1-компонентін осы күнге дейін 14 644 адам салғызған. Қазір күніне жаңадан 3 мыңға жуық адам екпе алады.

«Тұрғындар арасында коронавирусқа қарсы екпені алуға деген сұраныс артып отыр. Халық екпе алудың қажеттілігін түсінген. Ауыл тұрғындары да белсенділік танытып жатыр. Егер де белгілі бір ауылда вакцина салдырғысы келетін адамдардың саны 50-ден асса, ол елді мекенге көшпелі егу пункті шығады. Мұндай пункттер Петропавлда да жұмыс істеп жатыр.

Медициналық қызметкерлер мекемелерге барып, вакцина егеді», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Облыстың аймақтары бойынша екпе алудан 876 адаммен Тайынша ауданы, 814 адаммен М.Жұмабаев және 789 адаммен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар алда келеді. Жалпы СҚО бойынша вакцинаны толық алғандардың саны – 2683.

Мамандардың айтуынша, қазір өңірде 50 екпе егу пункті ашылған. Қажеттілік туындаған жағдайда оның санын 80-нен асыруға мүмкіндік бар.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp