«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас көлік жүргізушісі жол апатын жасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Мамлютка қаласының тұрғыны рөлге мас күйде отырып, жол апатын жасады. Оның қасында 4 жасар ұлы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мамлютка қаласының 45 жастағы тұрғыны 4 жастағы ұлымен Петропавлға келген. «ВАЗ-21120» көлігін тізгіндеген ол облыс орталығында екі бөтелке сыра ішкен. Кейін қала шетіндегі қозғалыс аз көшелердің бірінде қарсы бағыттағы «Volkswagen Passat» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді, тек көліктер механикалық зақым алды. Жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңгеден астам.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша материал жиналды.

«Төрт жасар бала анасы келіп алып кеткенше ювеналдық полицияның қарауында болды. Автомашина арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге сот үкімімен 20 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан басқа, ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Масаң күйде рөлге отыруға жол беретін жүргізушілер өз өмірін ғана емес, жолаушылары мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың тағдыры мен денсаулығын қатерге тігетінін естен шығармаған жөн», – дейді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан бері Мамлют ауданының аумағында полицейлер алкогольдік масаң күйде болған 11 жүргізушіні ұстады. Облыс бойынша 219 мас жүргізуші ұсталды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp