«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

САЛТ-ДӘСТҮР САБАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық музей бірлестігі “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Дәстүр мен ғұрып” атты онлайн сабақ өткізуде.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айын­да бастау алған онлайн жобаның мақсаты – ұлтымыз­дың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, кейбір жат ғұрыптардан бас тар­тып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүрлерді заманға сай түрлендіру. Жоба аясында ұлттық асханамыз да кеңінен насихатталуда.

– Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, әдетімізге айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту керек. Әсіресе, ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет ғұрып. Осы ретте “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасын енгізіп, рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың өзектілігі жоғары, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Сағындық Салмұрзин.

Онлайн дәрістерде ақсарбас атау, асату, ат тұлдау, аунату, аяғына жығылу, байғазы беру, босаға майлау, қазан шегелеу сынды әдет-ғұрыптар туралы айтылды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp