«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдықтар белсенді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен тәулікте облыста 33 адам індет жұқтырды. Қауіпті дертке шалдығу көрсеткіші бойынша Петропавл қаласы көш бастап тұр. Сондай-ақ, Ақжар, Айыртау, Қызылжар, Тимирязев, Тайынша, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарында да ауру жұқтырғандар бар.

Өткен тәулікте ПТР әдісімен 831 зерттеу жүргізілді. Облыста аурудың алдын алу мақсатында вакциналау шарасы қарқынды жүргізілуде. Осы күнге дейін өңірге ресейлік вакцинаның 16470 дозасы жеткізіліп, 15 мыңнан астам жерлесіміз екпенің бірінші компонентін алды. Қазір індетке қарсы екпенің жаңа партиялары жеткізілуде. Мамандардың айтуынша, тұрғындар арасында коронавирусқа қарсы екпені алуға сұраныс артып, ауылдықтар белсенділік танытуда. Егер вакцина салдыруға ниетті ауыл тұрғындарының саны 50-ден асса, елді мекендерде көшпелі егу пункті ашылады. Қазір өңірде 50 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр. Қажеттілік туындаған жағдайда оның санын 80-нен асыруға мүмкіндік бар. Облыс бойынша вакциналау шараларын жүргізуде Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар алда.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp