«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл аққайыңдар өлкесі үшін мерейлі жыл. Облыстың 85 жылдығымен тұспа-тұс келген тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына үлес қосып, қоғамда ауызбіршілік пен ынтымақты сақтауға атсалысып жүрген аға ұрпақ өкілдеріне құрмет көрсетілді.

– Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары негізгі салмақ кеңес заманында дүниеге келіп, еңбекке араласқан әрі саяси шыңдалған аға буын өкілдері, сіздерге түсті. Татулық пен бірліктің, ынтымақ пен ырыстың, берекенің мекені – еліміздің барын бағалап, жоғын іздеп келе жатқан сенімді тірегісіздер, – деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов аға буын өкілдерінің жүріп өткен жолы, бай тәжірибесі жастарға үлгі екенін атап өтті.

Шарада Жақсылық Ысқақов, Иван Куропаткин, Нелли Иванова, Болат Сағындықов, Аслан Нехай сынды облыстың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлеріне “Дайындық-Агро”, “Основание” серіктестіктерінің басшылары Біржан Шәймерденов, Сергей Тимофеев, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Елена Семидоцких ілтипат білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды. Кеудесі – қазына, ақылы – дария аға буынның құрметіне әннен шашу шашылды. Өз кезегінде ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке, жастардың ыстық ықыласына алғыстарын білдіріп, баянды бақыт тіледі.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp