«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерекше сән байқауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қа­рас­ты ЕС 164/6 түзету мекемесінде ерекше сән байқауы өтіп, оған осында жазасын өтеп жатқан 30 қыз-келіншек қатысты.

Байқауға қыз-келіншектер ерек­ше жауапкершілікпен әзір­ленді. Сәнді киім жасау үшін по­лиэтилен, поролон, синтепон, га­зет, целлофан материалдарын, тіпті, пластмасса бөтелкелерді де ұқыптылықпен пайдалана біл­ді. Осылайша, конкурсқа 1,5 ай бойы ыждаhаттылықпен дайын­да­лып, талғаммен тігілген сәнді киімдерін қазылар алқасының назарына ұсынды.

Киім үлгілері ерекше болды. Қыз-келіншектер қолданған ма­териалдардың бәрі мекеме іші­нен табылды. Сырттан ештеңе әке­лінген жоқ. Мұндай тағылым­ды шаралар жыл сайын өткізіліп тұ­рады. Сән көрсетіліміне қазы­лық етуге облыстың танымал киім дизайнері Зарина Черняева шақырылды.

Байқауға қатысушылардың бірі Айзада: “Байқау қатты ұна­ды. Үстімдегі киімдерді полиэти­лен қапшықтардан, А4 формат­та­ғы қағаздан және скотчтан жасадым. Идея өзімдікі”, – дейді.

Байқауға ұлттық нақышта дайындалған киімдер де ұсы­нылды. Қазылар алқасы қыз-келіншектер ара­сынан үш жеңімпазды анықтады. Олар бағалы сыйлықтармен ма­рапатталды.

Мәдина ЕРҒАЛИЕВА,

қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp