«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда 6 оқушының тест нәтижесі жарамсыз деп танылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі аяқталып, Петропавлда 6 оқушының тест нәтижесінің күші жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, ҰБТ-ның екінші кезеңі алғаш рет «1 тест тапсырушы – 1 компьютер – 1 камера» қағидасы бойынша электрондық форматта ұйымдастырылды. Қажетті орынмен «U-Future» ЖШС қамтамасыз етті. СҚО-да осындай үш пункт жарақтандырылған. Олар: Петропавлда, Новоишимка және Тайынша елдімекендерінде орналасқан. Тест тапсырушылар сынақтан өту орыны мен уақытын өздері таңдады.

«Біздің департаменттің қызметкерлері Петропавлдағы пунктте болып, ҰБТ-ға бақылаушы ретінде қатысты. Мұнда 27 күннің ішінде 1332 адам тестілеуден өтті. Солардың алтауы емтиханға тыйым салынған заттарды алып кірген. Салдарынан бұл балалардың тест нәтижесінің күші жойылды», – дейді СҚО бойынша білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Айнагүл Сұрағанова.

Бұл жолы ҰБТ-дан өткендер тесттің нәтижесімен жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге түсе алады.

«15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ-ның келесі кезеңі басталады. Бұл жолы тест тапсырушылардың екі рет әрекеттенуге мүмкіндіктері бар. Яғни екі рет тапсырып, соның үздік нәтижесімен білім грантын алуға байқауға қатыса алады», – дейді Айнагүл Сұрағанова.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp