«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Семіздік – сапасыз тағамнан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәрігерлерді жасөспірімдер арасында түрлі кеселдердің ден­деп бара жатқаны алаңдатады. Солардың ішінде семіздік ауруы денсаулыққа аса қатерлі екенін баса айтқымыз келеді.

Былтыр 14 жасқа дейінгі 210 ба­лаға шамадан тыс артық сал­мағы үшін семіздік диагнозы қо­йылды. Қолдағы мәліметтер бо­йынша елімізде бастауыш сы­нып оқушыларының 5 пайызы се­міздік ауруына шалдықса, 10 па­йызының артық салмағы бар. Не­гізінен дұрыс тамақтанбаудың ақы­ры семіздікке соқтыратыны тә­жірибеден белгілі. Ғылыми зерт­теулерге сүйенсек, оқушы­лардың 80 пайызы оңай сіңетін кө­мірсулар, майлар мен натрий­ді шамадан тыс тұтынудан ағ­заға қажетті дәрумендерді, ми­нералдарды аз қабылдайды.

Семіздіктің салдары өте қа­уіп­ті: бала нашар оқиды, баяу ой­лайды, тез шар­шайды, тағысын та­ғылар. Дүние­жүзілік денсау­лық сақтау ұйымы келтірген де­рек­терге қарағанда, артық сал­мақтың шамадан тыс қосылуына тамақтану сапасы, тамақтану тәр­тібінің бұзылуы басты себеп болып табылады.

Бүгінде дүкен сөрелерінде, дәмханалар мен мейрамха­на­лар мәзірінде жиі кездесетін фаст­фуд балалар арасында ерекше сұранысқа ие. Сэндвич, хот-дог, пицца, құймақ, шаурма, фри картобы, бургерлерді да­йын­дауда сапасы төмен шикізат қолданылады. Фастфудқа жата­тын барлық тағамдар майлар­мен, қантпен қаныққан және олар­да ағзаға қажетті дәрумен­дер мен минералдар жоқтың қа­сы. Мұндай өнімдермен тамақ­тану іш қатуға, ішек микрофлора­сының бұзылуына әкеледі. Фаст­фудты тағам ретінде пайдалану семіздікке, иммунитеттің төмендеуіне және ас қорыту жолдарының бұзылуына әкеледі. Қант диабеті қаупін арттырады.

Гүлнәр СЕЙІТОВА,

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру және тәрбиелеу обьектілерін қадағалау бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp