«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.04.2021

Петропавлда 3 мұғалімнен коронавирус анықталған мектеп қашықтан оқуға көшірілді

Петропавлда М.Айтқожин атындағы № 1-ші орта мектеп 5 оқушы және 3 мұғалімнің коронавирусты жұқтыруына байланысты қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазасын өтеушілер вакцина ала бастады

Солтүстік Қазақстан облысында 15 сәуірден бастап түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаруы бар көлікті айдап әкеткен

Солтүстік Қазақстан облысында астаналық тұрғын Тайынша қаласындағы аулалардың бірінен жеңіл көлікті айдап мініп кетті, машинада қару-жарақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонақжайлық – көркем қасиет

Өз заманының данышпаны атан­ған жырау, шешен Мөңке биді көруге құмар бір жігіт, ол кісіні үйіне арнайы іздеп барады. Есіктен кірген жігітке Мөңке: – Түлкім, жоғары шық, – дейді.

МӨЛДІР СЕЗІМ

Елімізде жылдағы дәстүр бойынша сәуір айының он бесі күні ұлттық ғашықтар мерекесі – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу“ күні аталып өтеді. Бірнеше жылдан бері тойланып келе жатқан бұл атаулы күннің жастарды адалдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеуде орны бөлек. Ғашықтар мерекесінің қоғамдағы маңызы, құндылығы қандай деген сұраққа жауап іздеу мақсатында сауалнама ұйымдастырған болатынбыз.

ОТБАСЫ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

“Асхат екеуміз біреуден ілге­рі, біреуден кейін дегендей, тату-тәтті өмір сүрдік. Үш баланы ержеткізу үшін тыңбай еңбек еттік. Мен – дүкеншімін, ол құрылыста жұмысшы болды. Екеуміздің тапқан-таянғанымыз пәтерақы мен күнделікті ас-судан артылмайтын. Сондықтан баспана алуға мүмкіндігіміз болмады”, – деп ағынан жарылған Сәуле осыдан бірнеше жыл бұрын жұбайымен ажырасқанын айтты. Алайда, ажырасуға себеп болатындай сыйластықтарына сызат түспеген, …

ОТБАСЫ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС Read More »

АҒАЙЫНҒА ҚАДІРЛІ, ЕЛ-ЖҰРТҚА СЫЙЛЫ

Көненің көзіндей, өткеннің өзіндей Индустрия Әбдірахманованың өмірі өзінше өрнектелген. Ол 1931 жылы Татарстанда дүниеге келген. Сол жылдары Кеңес одағында индустрияландыру саясаты белсенді жүргізілгенімен, елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген кез еді. Перзентінің өмірі жарқын сәттерге, жасампаз істерге толы болуын армандаған Хамит сәбиінің есімін Индустрия деп атайды. Индустрия Хамитқызының өмір жолы …

АҒАЙЫНҒА ҚАДІРЛІ, ЕЛ-ЖҰРТҚА СЫЙЛЫ Read More »

БАҚЫТ МЕКЕНІ

Қазақта “Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі” деген тәмсіл бар. Балаға тәрбие – отбасында беріледі. Сондықтан отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өр­кен жайған өнегелі отбасыларды көргенде көңіл қуанады. Бұл орайда, ұл-қызын ұлттық құндылықтармен тәрбиелеген Бестаевтар әулетін үлгі еткен жөн.

ЧЕМПИОН

Бокстан жасөсіпірімдер арасындағы жарыстың ақтық айқастары өтіп жатқан. “Жеңіс” спорт мектебінің залы тарлау ма, әлде жанкүйер көп жиналған ба? Әйтеуір, аяқ алып жүру қиын, ығы-жығы адам. Айқай мен шудан құлақ тұнады. “Ұр, ұр деймін!”, “Оң қолмен соқ!”, “Мынау өзі бокстаса ма, жоқ па?”. Төреші рұқсат берсе,  тыпыршыған жанкүйерлердің кез-келгені рингке шығып кетуге әзір отыр. Көбі …

ЧЕМПИОН Read More »